«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ізгілік ордасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Оқушылар сарайында өткен “Білім мен ізгіліктің ордасына – 10 жыл” республикалық конференция білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының мерейтойына арнал­ды. Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық ғылым академиясының президенті Ғани Бейсембаев, білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков, білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Айнагүл Сұрағанова, педагогикалық еңбек ардагерлері, мектеп және колледж директорлары қатысты.

Облыстық білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының дирек­то­ры Роза Саркен өз сөзінде мекеме­нің “Үздік әдістемелік құрал”, “Біздің Тәуелсіздігіміз – менің жетістігім” бей­нероликтер конкурсына қатысқанын, әдіскерлерге арналған конкурстар өткізгенін, “Қазақстан Республика­сындағы білім беруді реформалау­дың қазіргі жағдайындағы облыстың әдістемелік қызметінің трансформа­циясы” атты жергілікті педагогтар мен әдіскерлерінің мақалалар жинағы құрастырылғанын атап өтті.

Жиында білім беруді реформал­ау­дың заманауи жағдайындағы әдісте­мелік қызметін жаңғырту мәселелері талқыланып, қауымдастық мүшелері өз тәжірибелерімен бөлісті.

“Бірлестік” (педагогтың кәсіби өсуі), “Ұрпақ Next” (жаңа ұрпақ – жаңа қозғалыс), “Әр бала – бір жұлдыз” (мек­теп­ке дейінгі білім беру), “PEDAGOGICAL WORKSHOP” (үш­тілді оқыту), “Білім сараптамасы” (талдау және мониторинг), “Қол­дау”(инклюзивті білім беру), “Зия­ткер” (дарынды балалар, талантты жастар), “Цифрлық жас педагог “(студенттерді білім беру платформа­ларында оқыту), “Смарт әліппе”, “Желілік бейне өндіріс”, “Тестілеу тал­дауын жинақтау жүйесі” авторлық жо­балар ұсынылып, көрмелер ұйымдас­тырылды.

Конференция соңында облыстық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары марапатталды.

Облыстық білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының ұжымы­на 1 млн. теңгенің сертификаты, өс­ке­лең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін бір топ қызметкерге “М.Жұмабаев” төсбел­гісі, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық бі­лім академиясының Құрмет грамотасы табыс етілді.

Әсел ОРАЗБАЕВА,

облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp