«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚУАНЫШ” – ЕКІНШІ ОРЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда волейболдан әйелдер командалары арасында ел бірінші­лігінің төртінші туры өтуде. Өз алаңында сәтті өнер көрсетіп жатқан жергілікті “Қуаныш” клубы турнир кестесінде екінші орында келеді.

Солтүстікқазақстандық арулар төр­тін­ші тур аясында бес кездесу өткізіп, төртеуінде жеңіске жетті. Алғашқы ойында жерлестеріміз өскемендік “Ал­тай” командасына есе жіберген бола­тын. Кейін қызылжарлықтар талдықор­ғандық “Жетісу” мен алматылық ко­манда клубын жеңді. Ал демалыс күн­дері жергілікті қыздар қарағандылық ұжым мен Семейдің “Алтай-2” команда­сынан басым түсті.

Чемпионатта Өскеменнің “Алтайы” 68 ұпаймен көш бастап тұр. “Қуаныш” клу­бының қоржынында 55 ұпай бар, олар екінші сатыда.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp