Петропавлда волейболдан әйелдер командалары арасында ел біріншілігінің төртінші туры өтуде. Өз алаңында сәтті өнер көрсетіп жатқан жергілікті “Қуаныш” клубы турнир кестесінде екінші орында келеді.
Солтүстікқазақстандық арулар төртінші тур аясында бес кездесу өткізіп, төртеуінде жеңіске жетті. Алғашқы ойында жерлестеріміз өскемендік “Алтай” командасына есе жіберген болатын. Кейін қызылжарлықтар талдықорғандық “Жетісу” мен алматылық команда клубын жеңді. Ал демалыс күндері жергілікті қыздар қарағандылық ұжым мен Семейдің “Алтай-2” командасынан басым түсті.
Чемпионатта Өскеменнің “Алтайы” 68 ұпаймен көш бастап тұр. “Қуаныш” клубының қоржынында 55 ұпай бар, олар екінші сатыда.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.