«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨКТЕМДЕ 600 СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ШАҚЫРЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

1 наурызда ел бойынша әскерге шақыру науқаны басталды. 18 бен 27 аралығындағы жастар Қарулы Күштер қатарына алынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Денсаулығы мықты, психологиялық тұрғыдан мығым жастарды іріктеу жүргізіле бастады. Жалпы биыл көктемде 600 солтүстікқазақстандық шақырту алады.

-Қазіргі жастардың көбі әскерге барғысы келмейді. Еш қиындығы жоқ, ысылып, әскери өнерге машықтанады. 14 күн бейімделу кезеңінен өтеді. Бұл уақытта сарбаздар казармаға, барған жерінің табиғатына бой үйретеді. Әр әскери бөлімшемен байланыс орнатып, бастығы мен оның идеология және тәрбие жөніндегі орынбасарымен тығыз жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Әр сарбаз туралы ақпарат алып, ата-анасына хабарлап отырмақпыз, — деді СҚО қорғаныс істері департаментінің бастығы Талғат Әліқұлов.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp