«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕТРОПАВЛДА КӘСІПКЕРЛІК ОБЪЕКТІЛЕРІНДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Түнгі сағат 2-ден кейін жұмыс істейтін кейбір ойын-сауық мекемелерінің жұмыс режімі полицейлердің ұдайы бақылауында. Өйткені көбінесе осы уақытта түрлі төбелес-жанжал, бұзақылықтар орын алып жатады. Ендігі кезекте тәртіп сақшылары «түнгі» дәмханалардың жұмыс режімін қайта қарауды ұсынып отыр. Бұл мәселе «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кездесу барысында полицейлер құқықтық тәртіпті нығайту үшін бейнебақылау жүйесі маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Дегенмен кәсіпкерлік нысандарының барлығында бірдей бейнебақылау жүйесі орнатылмаған.

Жиынға қатысушылардың айтуынша, заңнамада террористік қауіпсіздік тұрғысында осал нысандардың барлығына бейнебақылау жүйесі мен дабыл батырмаларын қою қажеттігі атап көрсетілген. Мұндай нысандарға ойын-сауық мекемелерінің бір бөлігі ғана жатады. Ал біздің облыста аталған санатқа жататын 700-ден астам нысан бар, оның 100-ден астамы кәсіпкерлік объектісі.

Бұдан басқа ойын-сауық мекемелерінің барлығы бірдей күзет, дабыл батырмасын қоймаған.

Сонымен қатар, кездесу барысында тәулік бойы жалға берілетін пәтер мәселесі мен кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелеріне баруы да назардан тыс қалмады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp