«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОРЫҚ АУМАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН АСФАЛЬТ-БЕТОН ЗАУЫТЫ ЖАБЫЛУЫ МҮМКІН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданындағы Подгорное ауылы маңында орналасқан асфальт-бетон зауытының іске қосылғанына төрт жыл болды. Бірақ, қазіргі таңда кәсіпорынның тағдыры қыл үстінде тұр. Нысан Смирнов мемлекеттік табиғи қорығының аумағында орналасқандықтан, жабылуы мүмкін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық жер инспекциясы департаменті табиғатты қорғау прокуратурасының бастамасымен жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жүгінген болатын. Сот олардың өтінішін қанағаттандырып, кәсіпорын ерекше қорғалатын табиғи аумақта жұмыс істей алмайды деген шешім қабылдады. Алайда, бұл шешіммен кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен меншік иесі келіспей отыр.

Белгілі болғандай, қорық аумағында, яғни 240 мың гектарда 20-дан астам елді мекен орналасқан. Демек, бұл жерде «Норд жолдары» ЖШС-дан басқа да кәсіпкерлер жұмыс істеп жатыр.

-Бүгінде соттың шешіміне сәйкес, серіктестік жерді пайдалану құқығынан айырылып қалуы мүмкін, — дейді Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Айдос Кеңбейілов.

Өз кезегінде, палата заңгерлері серіктестік орналасқан жер ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кірмейтінін айтуда. Соттың шешімінен кейін кәсіпкер шығынға батуда. Өйткені, оның басқа салада жасаған келісім-шарттары бар екен, несиесі де жоқ емес.

Енді кезекте заңгерлер мен серіктестік иесі бірігіп апелляциялық сотқа арызданбақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp