«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Алаяқ полицей

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық соты көлік жүргізушісін алдап, оның 50 мың теңге ақшасын иемденбек болған патрульдік полиция батальонының инспекторын соттады.

Қылмыстық іске қатысты сот отыры­сы 2 наурыз күні өтті. Петропавл қала­лық сотының мәліметінше, 2021 жылғы 3 қа­занда патрульдік полиция батальо­ны­ның инспекторы С. жол қозғалысы ере­желерін бұзды деген сылтаумен кө­лік жүргізушісін алдап, одан ақша талап ет­кен. Полицей ақшаны алғаннан кейін ұс­талды.

Инспектордың кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, жазбаша да дәлелденді.

Сот үкімімен С. алаяқтыққа оқталға­ны үшін кінәлі деп танылды. Сот С.-ның жа­са­ған ісіне шын жүректен өкінуін, оның асырауында екі жас баланың бо­луын жазаны жеңілдететін мән-жай деп шешті. Қылмыстың бұл түріне айыппұл немесе бас бостандығынан айыру жазасы қа­рас­тырылған.

Сот үкімімен С.-ға заңсыз иеленбек бол­ған қаржының 15 еселенген мөлше­рін­де – 750 мың тең­ге кө­лемінде айып­пұл са­лынды. С. өмір бойы мемле­кеттік қызмет­те еңбек ету құқығынан, сон­дай-ақ поли­ция аға лей­тенанты арнаулы ата­ғынан айырылды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp