«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

АШЫҚТЫҚ — БАСТЫ ӨЛШЕМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тексеру комиссиясының 2021 жылғы жұмысының қорытындылары

Былтыр Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының құрылғанына 10 жыл толды. Мерейтойлық дата аясында тексеру комиссиясы Петропавл қаласында халықаралық конференция өткізді, ол мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін одан әрі дамытуға, өзара тәжірибе алмасуға жаңа серпін берді. Конференцияға Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, облыс әкімдігінің, “Nur Otan” қазіргі (“Amanat”) партиясының облыстық филиалының, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің, Ресей Федерациясындағы Қорған, Омбы, Түмен, Челябі облыстарының бақылау-есептеу палаталарының басшылығы, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының тексеру комиссияларының төрағалары, мүшелері мен қызметкерлері қатысты.

Сондай-ақ өткен жылы жоғары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті өзінің құрылғанына 25 жыл толуын атап өтті. Есеп комитеті “Жаңа тарихи шындық жағдайындағы мемлекеттік аудит жүйесі” тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды. Конференцияға біздің облыстық тексеру комиссиясы “Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы ішкі және сыртқы аудиттің өзара іс-қимылы” тақырыбындағы баяндамамен қатысты. Өткізілген конференциялар тек оң пікірлер алды, барлық іс-шаралар мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өткізілгенін атап өткен жөн.

Тексеру комиссиясының миссиясы облыс аумағында қаржы тәртібін нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.

Жүйелі қаржылық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында тексеру комиссиясының миссиясын орындау үшін әкімдердің, әкімдердің орынбасарларының, мемлекеттік органдар басшыларының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен аудандарда көшпелі семинар-кеңестер өткізу бойынша жұмыс жалғастырылды.

Жалпы облыстық тексеру комиссиясының жұмысы кемшіліктерді анықтауға ғана емес, сондай-ақ жүйелі проблемаларды және оларды шешу жолдарын іздеуге, қаржылық тәртіпті жақсарту бөлігінде заңнаманы жетілдіруге жәрдемдесуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған міндеттерді орындау үшін облыстық тексеру комиссиясы еліміз бойынша бірінші болып “Мемлекеттік аудит – халық игілігі үшін” қызметінің басшылық идеясын көрсететін ұран әзірледі.

Экономиканы басқарудың демократиялық негіздерін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында тексеру комиссиясы өз қызметін ашық және айқын жүзеге асырады, бұл мемлекеттік аудит нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурста жариялау, сондай-ақ әлеуметтік желілерді (“Инстаграм”, “Фейсбук”) жүргізуді білдіреді.

Жұмыстың нәтижелігі мен тиімділігі көп жағдайда кадрлық әлеуетке байланысты, осыған орай басым міндеттердің бірі қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру болып саналады. Кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Есеп комитеті мен облыс әкімінің қолдауымен халықаралық деңгейде біліктілікті арттыру ұйымдастырылды. Тексеру комиссиясының барлық мемлекеттік аудиторлары оқудан сәтті өтіп, “CIPFA Public Auditor”, “DipIPSAS” халықаралық біліктілік бойынша сертификаттар алды. Тәжірибе жүзінде кәсібилікті арттыру мақсатында оқытудан басқа қызметкерлер тағылымдамадан өтеді және есеп комитетінің мемлекеттік аудитіне қатысады. “100 нақты қадам” Ұлт жоспарының 93-қадамын іске асыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында алғаш рет қанатқақты режімде салықтық әкімшілендіру тиімділігінің электрондық аудиті жүргізілуде. Тексеру комиссиясы пилоттық режім басталғаннан бері алты салық органында электрондық аудит жүргізді, оның қорытындысы бойынша жергілікті бюджетке түсуі тиіс 268 млн. теңгеден астам сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін тексеру комиссиясы “Nur Otan” қазіргі (“Amanat”) партиясының облыстық филиалымен және “Ауыл” халықтық-демократиялық партиясымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасады. Жасалған меморандумдар шеңберінде партиялық бақылау комиссиясының мүшелері тексеру комиссиясының отырыстарына шақырылады, сондай-ақ аудиторлық іс-шараларға қатысу үшін тартылады.

2021 жылы 55 нысанда 21 аудиторлық іс-шараның қорытындысы шығарылды. Аудитпен 99 млрд. теңгеден астам бюджет қаражаты қамтылды, 6,2 млрд. теңгенің бұзушылықтары анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 4,9 млрд. теңгеден астамын (жалпы соманың 78,8 пайызы) құрады.

Тексеру комиссиясы қабылдаған шаралардың арқасында бюджетке 4,6 млрд. теңге қайтарылды, оның ішінде жергілікті бюджетке қосымша ақшалай қаражатпен 138 млн. теңге түсті.

Сомасы 716,2 млн. теңгеге бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану анықталды, тиімсіз жоспарлау – 601,4 млн. теңге, бюджеттің тікелей шығындары – 33,7 млн. теңге, 314 рәсімдік және 4 жүйелік бұзушылық фактілері әшкереленді.

Анықталған кемшіліктер қаржылық тәртіптің төмен екенін, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін жеткілікті білмеу және дұрыс түсіндірмеу, мемлекеттік аудит объектілеріне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамау, аудит объектілерінің лауазымды қызметкерлері тарапынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражатының жұмсалуына тиісті бақылау жоқтығын, мемлекеттік органдар ұсынатын мәліметтерді жұмыста тиімді пайдаланбауды білдіреді.

Жүргізілген аудиттердің қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. Жұмыста анықталған кемшіліктерді жою үшін аудит объектілеріне 86 ұсыным мен тапсырма берілді, оның ішінде 65-і орындалды. 17 ұсыным заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 284 адам жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 170-не – әкімшілік, 114-не тәртіптік жаза қолданылды, 3,9 млн. теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.

Мемлекеттік аудиттің қорытындылары облыстық тексеру комиссиясының отырыстарында қаралады. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының жауапкершілігін күшейту үшін отырыстарға облыстық мәслихаттың хатшысы, аудандар әкімдері, облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттары, “Nur Otan” қазіргі (“Amanat”) және “Ауыл” партияларының мүшелері, Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктері департаменттерінің басшылары, облыстық басқармалардың, “Атамекен” ҰКП-ның, үкіметтік емес ұйымдардың бірінші басшылары шақырылады.

Тексеру комиссиясының жұмысындағы басым бағыттардың бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне “нөлдік” төзімділік атмосферасын құруға және оның деңгейін төмендетуге бағытталған үздіксіз жұмыс жалғасуда.

2021 жылғы ақпанда облыстық тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп өткізген есеп комитетінің отырысына қатысты. Бірлескен кеңес барысында “Есеп комитеті – Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің тұсаукесері өтіп, жобалық кеңсе жарғысына қол қойылды.

Тексеру комиссиясы жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді, оны іске асыру ерекше бақылауға алынады. Тексеру комиссиясының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жадынамалар әзірленді. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты бекітілді.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен семинарлар өткізіледі, қызметкерлерге жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар және құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған адамдарды жауапқа тарту бойынша ақпарат жеткізіледі.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары мемлекеттік органның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға тікелей әсер етеді. Тексеру комиссиясы кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу үшін шараларды барынша қолданады.

Тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жедел хабарлау үшін ресми сайтта “Сенім телефоны” жұмыс істейтіні туралы ақпарат орналастырылған. Сондай-ақ интернет-ресурста азаматтар мен ұйымдардан келіп түсетін электрондық хабарламаларды қабылдау жүзеге асырылады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының жұмысы туралы ең өзекті ақпаратқа біздің сайтта әрқашан қолжетімді.

Тілеген КАСКИН,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты, экономиканың PhD докторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp