«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕТРОПАВЛДА ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгін облыс орталығында тарих пәні мұғалімдерінің «Мектептегі тарих пәні: тың тұжырымдама, ашық сана, заманауи көзқарас» деген тақырыпта республикалық съезі өтеді. Жиынға 300 педагог пен профессорлар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шараға қатысатын делегаттардың 250-і — үздік педагог, педагог-шебер және педагог-зерттеуші. 9-ы ЖОО-ның тарихшылары, Қазақстан Республикасы БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты, Қазақстан Республикасы БҒМ ҒК Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері. Сондай-ақ, отырысқа Назарбаев зияткерлік мектебі мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының 11 ұстазы ат салысады. Қатысушылардың 16-сы — педагогикалық ЖОО-ның кафедра меңгерушілері. Сонымен қатар, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Өрлеу» БАҰО» АҚ, «Ұлттық тест орталығы», Білім мазмұнын сараптау орталығынан 14 қызметкер қатысады.

Жиынды ұйымдастырудағы басты мақсат – «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндерін оқытудың өзекті мәселелерін талқылауға және білім алушылардың тарихи білімдерін дамыту жолдарын айқындауға кәсіби біліктілігі жоғары педагогтердің, ғалымдардың әлеуетін жұмылдыру.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp