«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МУЗЕЙГЕ САЯХАТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жас полицейлер – курсанттар, сержанттар және кіші офицерлер облыстық тарихи-өлкетану музейіне 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған экскурсияға шақырылды. Оларға мерекенің тарихы, тұтастай бір этностардың жер аударуы кезеңінде қазақ халқының оларға қол ұшын созып, бір үзім нандарын бөліскені туралы айтылды.

Музейдің Тәуелсіздік залында өл­кемізде түрлі этнос өкілдерінің тұра­тынын көрсететін экспонаттар жинақ­талған. Олардың басым бөлігі – об­лыс тұрғындарының мәдениет орда­сына тарту еткен сыйы. Әсіресе му­зей қызметкерлері үшін Қазақ­стан­дағы Польша елшісі сыйға тартқан ұлт­тық әйелдер киімі ерекше қымбат. Мұнымен қоса осыдан 100 жылдай бұрын қолданылған татар қызда­рының әшекейі және бас киімі сана­латын калфак, жаңа дайындалған май­ға арналған неміс фунтницасы және сығу мен кір жазуға арналған оқ­тауы бар орыс рубелі де аса бағалы. Көненің көзі болып саналатын жәді­герлер бұрын тұрмыста қолданған бай мәдени мұра болып табылады.

– Біз музейге қуана-қуана келдік. По­лиция департаментінде 20-дан ас­там этнос өкілдері қызмет етеді. Бар­лығымыз еліміздің және азаматтардың қауіпсіздігі үшін күресудеміз, – дейді облыстық полиция департаменті арнайы және жұмылдыру бас­қармасының инспекторы полиция лейтенанты Серафима Окишева.

Сән ЖҰМАҒАЗИНА,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp