«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ МЕН КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Чиновник» телеграмм-арнасы таратқан мәлімет бойынша СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Айманов пен облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігері Юрий Белоногқа қатысты іс сотқа дейінгі тергеуге жіберілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Олар ана өлімін жасырып, науқастың емдеу парағына жалған ақпарат енгізген деген күдікке ілінді. Қазақстан Республикасы ҚК 396 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін солтүстікқазақстандық дәрігерлер жүкті әйелдің өлімі туралы ақпаратты жасырып, 1 ай бойы құжат бермегенін хабарлаған болатынбыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp