«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көктемгі су тасқынына дайындық мәселелері жергілікті атқарушы органдардың жіті бақылауында. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы Рамиль Камалов қолға алынған сақтық шаралары туралы баспасөз мәслихатында айтып берді.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды орындау шеңберінде елді мекен­дерден 463 мың текше метр қар шығарылған. Тасу қаупі бар Есіл, Шағалалы, Сілеті, Қамысақты сияқты өзендерге жақын орналасқан елді мекендерде сақтық шаралары кү­шей­тілді.

– Cергеев су қоймасы 78,6 пайыз­ға толды. Бұл 2021 жылғы көрсеткіш­тен 11 пайызға аз. Адамдарды тасы­малдауға және эвакуациялауға ар­налған 10 арнайы техника, 5 жол талғамайтын көлік, 5 жүзу құралы, 85 мотопомпа, 370 су өткізбейтін костюм және сыйымдылығы 400 адамнан асатын 21 шатыр дайындалды. Тас­қын бола қалса 2 мыңнан астам адам, шамамен 1300 техника және 108 жүзу құралы көмекке жетеді. 198 тонна жанар-жағармай, 30 мың тонна инертті материал және 36 мың құм салынған қап дайындалды, – деді Рамиль Камалов.

Ақпанның 21-нен бастап су тас­қынынан болатын қауіп-қатерлерді азайту шаралары туралы оқыту және ақпараттандыру жұмыстары жалға­суда. Жыл басынан бері 3,6 мыңнан астам адамды қамтитын 78 рейд жүргізілді. Бұл ретте профилакти­калық іс-шаралардың белсенді ке­зеңін наурыздың екінші жартысында су тасқыны кезеңіндегі мінез-құлық және іс-қимыл қағидаларын халыққа жеткізу айлығы аясында өткізу жос­парланған.

Су тасқыны жағдайын бақылау, басқару органдарының іс-қимылын үйлестіру үшін департамент база­сында облыстық су тасқынына қарсы штаб жұмыс істеуде. Енді қалалық және аудандық штабтар құру жос­парланып отыр.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp