«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тарихқа тың көзқарас

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде тарих пәнін оқыту мәселелеріне арналған пікір алмасу жиыны өтті. Басқосуға Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдары, жергілікті университеттің тарих, экономика және құқық факультетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, облыс мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.

Пікір алмасу алаңында Ш.Уәли­ханов атындағы Тарих және этно­логия институты директорының қо­ғаммен байланыс жөніндегі орын­басары, тарих ғылымдарының кан­дидаты Әуезхан Шашаев тарих ғы­лымының алдында тұрған міндеттер туралы баяндама жасады.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының док­торы Ақмарал Ибраева Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жө­ніндегі өңірлік комиссияның жұмысы жайлы айтып берді.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі, Қазақстан хал­қы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Людмила Гривенная ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы көтері­ліс­терді басу кезінде сот шешімінсіз және тергеусіз атылған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі жұмыс туралы баяндады.

Қазақстан тарихы және әлеумет­тік-гуманитарлық пәндер кафед­расының меңгерушісі, тарих ғылым­дарының кандидаты Нұрболат Әбуов университет пен білім беру ұйым­дары арасындағы өзара байланыс, “Дарын” мектеп-лицейінің дирек­торы, педагог-шебер Ерлан Мәкен дарынды балалармен жұмыс істеу мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салды.

Диана ХАЛИМОВА,

М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың медиаорталығының бас редакторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp