«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ПОЛИЦЕЙЛЕР ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫНАН ПАТРОНДАР ТӘРКІЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда полицейлер 33 жастағы қала тұрғынынан калибрі 9 мм. Макаров тапаншасының 44 патроны салынған қорапшаны тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Патрондар сараптамаға жіберілді, зерттелген үлгілері оның атуға жарамды екендігін растады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотты болған қала тұрғыны ірі мөлшерде айыппұл не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Патрондардың қайдан алынғанын тергеу анықтайтын болады.

– Қылмыстың алдын алу бойынша полицияның маңызды міндеттерінің бірі – қару мен оқ-дәрілердің қылмыстық ортаға түсуіне жол бермеу. Қазіргі уақытта облыс аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, оның шеңберінде қару айналымын бақылау бойынша жұмы күшейтілетін болады. Облыс тұрғындарынан тіркелген қару мен оның патрондары сейфте сақталуы, ал қала тұрғындарында сигнализация болуы қажеттігіне назар аудартамыз. Сонымен қатар, тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсырған жағдайда оны сақтағаны үшін әкімшілік пен қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтындығын еске саламыз, – дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

19 ақпаннан бастап облыс полицейлері заңсыз сақталған 16 бірлік қару мен 110 бірлік оқ-дәрі тәркіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp