«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНАН ТІРКЕЛМЕГЕН 20 ҚАРУ ТӘРКІЛЕНДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында бір айда тұрғындардан тіркелмеген 20 қару тәркіленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Қару қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы аумағында ақпанның 1-нен «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Алғашқы күні-ақ Жамбыл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері 57 жастағы ауыл тұрғынынан тіркелмеген ТОЗ-63 мылтығын және 18 патронды тәркіледі. Қару үйдегі диванның астына жасырылған екен. Қару мен оқтар сараптамаға жіберіліп, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 482-бабы бойынша материал жиналды.

– Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде тіркелмеген 20 қару тәркіленді, иелеріне қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылады. Полицейлер облыста заңсыз сақталған қаруларды іздеп жатыр. Тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыруға шақырамыз. Егер қылмыстың белгісі болмаса, қаруды өз еркімен тапсырған адам әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, – деді облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp