«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ФЕРМЕРЛЕРДІ ҚЫРАҒЫЛЫҚ ТАНЫТЫП, ОҢАЙ ОЛЖАҒА ҚЫЗЫҚПАУҒА ШАҚЫРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жүргізген агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау саласындағы кешенді талдау қорытындысы мәлім болды. Оның нәтижесінде 11 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахинның айтуынша, сыртқы талдау нәтижелері бюджет қаражатын ұрлауға бағытталған көптеген кемшіліктерді, елеулі олқылықтарды және қылмыстық схемаларды ашты. Өкініштісі, айла-шарғыға тек лауазымды тұлғалар ғана емес, ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері де тартылған.

Ведомствода сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төрт тобы анықталды.

Бірінші топқа субсидиялауға бөлінетін бюджет қаражатын жоспарлау тиімділігінің төмендігі және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылау тетіктерінің жоқтығы сияқты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері кірді.

Екінші топ субсидиялаудың ақпараттық жүйелерінің жетілмегендігімен байланысты тәуекелдерді біріктіреді (Qoldau, Plem.kz), оның ішіне кіретіндері: ақпараттық жүйелердің мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланбауы, өтінім беру үшін бюджет қаражатының түсуі туралы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің хабардар етілмеуі, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге бірдей қол жеткізу құқығын бұзу және әкімшілік кедергінің болуы, өтінімді қарау кезінде субъективті тәсілді қалыптастыратын өтінім беру процесін автоматтандырудың төмен дәрежесі.

Үшінші және төртінші топтарға мүдделерді қолдау және нормативтік құқықтық актілерде қайшылықтардың болуы жатады.

2021 жылы алаяқтық және қызметтік жалған фактілер бойынша шамамен 7,9 млн теңге шығын келтірген факті бойынша сотқа дейінгі 2 іс қозғалған. Қазір тегреу амалдары жүргізілуде.

— Сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін ведомство бизнесмендерді қырағы болуға және «жеңіл» ақша алудың жолдарын іздемеуге шақырады, ал мемлекеттік органдардың өкілдеріне әрбір заңсыз іс-қимыл үшін жауапқа тартылатынын ескертеді, деді Нұрлан Жахин.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp