«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ: БІЗДІҢ БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ – САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫ ОРЫНДАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгін облыстық әкімдікте «AMANAT» партиясы активінің жиыны өтті. Саяси ұйым өкілдері 1 наурызда өткен кезектен тыс 22 съезде айтылған мәселелердің шешімін қарастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов, әсіресе, партияның сайлауалды бағдарламасына ерекше тоқталып өтті. Оның айтуынша, өткен жылы жоспарланған 1021 шараның 894-і орындалған. Сонымен қатар, аудандар арасында жол карталарын жоспарлау кезінде заңбұзушылық фактілері анықталды және партия филиалдары мен депутаттық корпус тарапынан тиісті бақылау да жоқ.

— Депутаттық фракциялар жобалық-сметалық құжаттаманың дайындалуын бастан-аяқ қадағалауы қажет. Қаражаттың тиімді, дұрыс бағытта жұмсалуына және берілген ресурстардың тиянақты пайдаланылуына назар аудару керек. Біздің басты мақсатымыз — сайлау алды бағдарламада қойылған міндеттерді толық орындау, — деді өңір басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp