«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛТЫН ҚҰРСАҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Әйел бір қолымен бесікті тербет­се, екінші қолымен әлемді тербетеді” деген аталы сөз бар. Кешегі тоқырау жылдарында тәлімді ұрпақ өсіріп қана қоймай, оларды ел игілігі жо­лында еңбек етуге тәрбиелеп, ата дәстүрді құрметтеуге үйреткен ана­лардың еңбегі қашанда елеулі. Ха­лықаралық әйелдер мерекесі қарса­ңында шаңырақтың шаттығы, отба­сы­ның киесі, он үш баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты ана, “Алтын алқа” иегері Шәйкен Мырзахметова жайында оқырмандарға айтып беру­ді жөн көрдім.

Шәйкен Ғалымқызы 1939 жылы Шал ақын ауданына қарасты Көкте­рек ауылында дүниеге келген. Ақ жау­лықты ана өткен күндерін сағынышпен еске алды. “Отбасымызда төрт бала болдық, мен соның екіншісімін. Бой жеткен кезде Шапай ауылының азаматы Қабдрахман Мырзахметов­пен шаңырақ көтеріп, осы әулетке келін болып түстім. Отағасы ұжым­шарда механизатор болып жұмыс іс­тесе, мен сеялкада көмекші болдым. 1960 жылы көрші Сарыөзек ауылына қоныс аудардық. Онда да қол қусы­рып отырмай, жас төлдерді бақтым”, – дейді алтын құрсақты ана.

Отағасы Қабдрахман Мырзахмет­ұлының бұл дүниеден бақилыққа оз­ғанына да бес жыл болыпты. Алып бәйтеректей жапырақ жайған үлкен шаңырақтан шыққан өнегелі ұл-қыздары, немерелері еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы қызмет етуде. Алтын құрсақты ананың 12 немересі, 17 жиені, 20 шөбересі өсіп келеді.

Шәйкен апамыз үнемі кейінгі жас­тарға аналық ақылын айтып отыра­ды. “Отбасының берекесі – балада. Бала туудан қашпау керек. Әр бала өз несібесімен туады. Баланы дүниеге әкелгеннен кейін оның саналы ұрпақ болуына барыңды салуың ке­рек”, – дейді ол.

Жақында 83 жасқа толған Шәйкен апамызды туған күнімен құттықтауға жан-жақтан балалары мен немере-шөберелері жиналып, ақжарма ті­лек­терін арнады. Ақ жаулықты ана ұр­пағының өсіп-өнгенін көріп, бір марқайып қалды.

Бағлан ҚОЖАҚОВ.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp