«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІЗГІЛІК ПЕН ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық әкімдік ғимаратында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара өтті. Мерекелік кешке қатысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов аяулы жандарға ақ тілегін арнап, әйелдер – тіршіліктің тұтқасы, өмірдің нәрі мен сәні екенін айтты.

“Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін” аналар қандай құрметке болсын лайық. Олар жақсылыққа жақтасатын, қиындықты жеңе білетін, өздеріне артылған міндетті абыроймен атқаратын алып күшке ие. Өңір басшысы өз сөзінде біздің облысымыз азаматтармен қатар қыз-келіншектердің адал еңбегінің арқасында толағай табыстарға қол жеткізіп отырғанын атап көрсетті.

– Баршаларыңызды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймын. Әр адамның өмірінде ананың алар орны бөлек. Ана деген сөздің өзі қандай ыстық. Өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, үлкен жетістікке жеткізу әр ананың міндеті. Сондықтан барша аналардың алдында басымды иіп, алғысымды айтамын. Елімізде көпбалалы аналарға арналған көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облысымызда соңғы 5 жылда 218 көпбалалы анаға пәтер берілді. Бұл жұмыс өзінің жалғасын табатын болады, – деді Құмар Іргебайұлы.

Шара барысында облыс әкімі көпбалалы аналар Анна Әбішева, Ирина Исаева, Инеш Жанайдароваға “Алтын алқа”, Анар Амантаева мен Гүлбаршын Ақтаеваға “Күміс алқа” табыстады.

– Осындай шуақты кездесу ұйымдастырып жатқандарыңызға алғысымды білдіремін. Бұл мен үшін айрықша мәртебе, зор қуаныш. Өзім физика және математика пәндерінің мұғалімімін. Болашақтың бағбандарына сапалы білім беру ісіне үлесімді қосып отырғанымды мақтаныш етемін. Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы аз емес. Бұл біз үшін үлкен көмек, – дейді Инеш Әбиқызы.

Бұдан соң бірқатар қыз-келіншектер облысты әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамытуға қосқан зор үлесі үшін облыстың Құрмет грамотасымен марапатталды. Олардың қатарында Есіл ауданындағы Аяған Шәжімбаев атындағы №3 мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі Фатима Мұстафина, “Sensitive” би театрының жетекшісі Ольга Роставщикова, “МТРК” телеарнасының журналисі Ульяна Әшімова, “Блок” ЖШС-ның бас технологы Елена Голубева, “С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ құрастыру цехының радиоаппаратуралары мен құрылғыларын құрастырушы Юлия Челапкина бар.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp