МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ
Кез келген оқушы өз көзқарасын ашық білдіріп, ойындағысын жүзеге асырғысы келсе, саяси белсенді болуы шарт. Оған мектеп парламенті мүмкіндік жасайды. Жақында фракция жетекшілері сайланды. Хабарландыру білім ошағының сайтына және әлеуметтік желіге орналастырылды. Бұдан бөлек, сайлау комиссиясы құрылып, мектеп парламентінің фракциясына кандидаттар ерікті негізде ұсынылды. Үміткерлер өздерінің үгіт-насихат сөздерін дайындап, пікірталас алаңдарында лайықты түрде қорғай білді.