«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕТРОПАВЛДЫҚ КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ ЖЕҢІЛДЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2021 жылы Қазақстанда 16 мыңға жуық адам көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыға қол жеткізді деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Осыған дейін аталған жәрдемақыны рәсімдеу үшін тұрғындар халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтініш жазып, өздерінің жеке куәліктерін, балалардың туу туралы куәліктерін және неке қию туралы құжаттарын жинауы міндетті еді. Ал мемлекеттік қолдау өтініш тапсырылған күннен бастап тағайындалып жүрді.

Енді жәрдемақыға қол жеткізу үшін ақ тер, көк тер болудың қажеті жоқ. Орталыққа бару да өткеннің еншісінде қалды. Өткен жылдан бастап төлемақыға қашықтан өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған.

-Егер де отбасында төртінші және одан кейінгі сәбилер дүниеге келіп жатса, әйелге автоматты түрде SMS хабарлама келеді. Ол жерде баланың туу туралы куәлігі мен жәрдемақыға өтініш беру ұсынылады. Қаржылай көмекке ие болу үшін бар-болғаны SMS арқылы келісім білдіру жеткілікті. Барлық қажетті деректер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады. Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ, — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожихов.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp