«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЙЫНША АУДАНЫНДА АУЫЛҒА АПАРАТЫН 53 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аудандарға жұмыс сапарын жалғастыруда. Бұл жолы өңір жетекшісі Тайынша ауданының Ясная Поляна ауылында болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кездесу барысында «Тайынша Астық» және «Вишневское» ЖШС басшылары ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндап, жоспарларын жеткізді.

-Ауылда биыл 10 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Қызметкерлердің жалақысын көтеру, үйлерді орталық жылыту желісіне қосу және саябақты қайта жаңарту бойынша жұмыстар қолға алынды. Алдағы уақытта ауданда тыңайтқыштар дайындау цехы іске қосылады. Шаруашылықтардың ауылдағы дүкендерге арзан азық-түлік жеткізіп, өз өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар. Оны да қолға алмақшы, бұл бүгінгі қол қойылған меморандумға енді, — деді Құмар Ақсақалов.

Аймақ басшысы Яснополян ауылдық округі мемлекеттік қолдауға ие екенін атап өтті.

-Ауыл ішіндегі жолдарға асфальт төселді. Көшелер жарықтандырылып, балаларға ойын алаңдары орнатылды. Қазір Вишневка ауылында жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, Ясная Поляна ауылына дейінгі 53 шақырым жол жөнделеді, — деді облыс әкімі.

Тайынша ауданына жұмыс сапарының соңында Яснаяполяна ауылдық округін дамытудың 2022 жылға арналған жоспары белгіленіп, меморандумға қол қойылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp