«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЛАТ ЖҰМАБЕКОВ НАУРЫЗДЫҢ СОҢЫНДА ҚАЛАЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков наурыздың 30-ы күні сағат 11-де қала тұрғындары алдында есеп береді. Кездесу Қазақстан Конституциясы көшесі, 60 мекенжайында, Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдықтар Н.Назарбаев көшесі, 262 жоғары құрылыс-экономикалық колледжі, С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ драма театры, Жамбыл көшесі, 195 мекенжайларына өздерінің ұсыныс-пікірлері, туындаған сұрақтары бойынша жүгіне алады. Аталған мекемелерде кездесу онлайн-форматта өтеді.

Сондай-ақ, қала тұрғындары әкімге қоятын сұрақтарын Telegram мессенджерінде «Есептік кездесулер 2022» атты арнайы ашылған Ботқа жолдай алады.

Онлайн-трансляция барысында азаматтар ұсыныс-пікірлерімен төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласулары керек:

— 109 нөмірі бойынша «Ikomek» Ахуалдық орталығына;

-+7-705-187-04-51 WhatsApp.

Ескеретін жайт, тұрғындар сауалдарын қойып, өтініш, пікір жазатын болса, міндетті түрде толық аты-жөнін, мекенжайы мен байланыс нөмірін қалдыруы қажет. Өйтпеген жағдайда, хабарламаңыз қарастырылмайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp