«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР БІР КҮНДЕ ЖОҒАЛҒАН 2 БАЛАНЫ ІЗДЕП ТАПТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл полицейлері жоғалған 2 бірдей баланы іздеп тапты. Наурыздың 9-ы күні қаланың 11 жастағы кішкентай тұрғыны анасы дүкенге шыққан кезде ешкімге айтпай үйден кетіп қалған. Баласын іздеп сары уайымға салынған әйел адам дереу полицейлерге жүгінген. Мамандар жасөспірімді бір сағаттың ішінде ойын-сауық орталықтарының бірінен тауып алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Дәл осы күні түс уақытында тәртіп сақшыларына тағы бір баланың жоғалғаны туралы хабар келіп түсті. Үшінші сынып оқушысы мектептен үйіне оралмаған, телефонын да қалдырып кетіпті. Ата-анасы болса, алдымен өздері іздемекші болып, балаларының суретін Instagram желісіне жариялаған. Көп ұзамай бұл іске ювеналдық және криминалдық полицияның жеке құрамы, еріктілер де тартылды.

Кешке қарай әлеуметтік желіде баланың табылғаны туралы жазба жарияланды. Анықталғандай, оқушы досының үйінде ойынға беріліп, бөгеліп қалыпты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp