«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бұрымды балуандар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жақында Шымкент қаласында ер­кін, грек-рим және әйелдер күресінен жасөспірімдер мен жастар арасында ел чемпионаты өтті. Жерлестеріміздің төртеуі жарыстан жүлделі орын алып қайтты. Яғни, үшеуі алтын, біреуі күміс медальға ие болды.

Чемпионатқа Мамлют ауданынан қа­тысқан балуандардың қанжығалары май­ланып, үшеуі де бірінші орынды ен­шіледі. 36 килограмм салмақ дәреже­сінде күрескен Меңгесер орта мекте­бінің оқушысы Ульяна Мальцева же­ңім­паз атанса, 54 килограмм салмақ дәрежесінде осы мектептің тағы бір оқушысы Анна Стратан бас жүлдені иеленді. Екеуін де Руслан Дәулетов жаттықтырады. 7 килограмм салмақ дәрежесінде Мамлют санаторлық орта мектеп-интернатының түлегі Кристина Ряснова да топ жарды (жаттықтыру­шысы Индира Наурызбаева).

– Кристина Мамлют санаторлық орта мектеп-интернатының түлегі. 6-шы сыныптан бастап еркін күреспен айналысып келеді. Бұған дейін де үл­кенді-кішілі жарыстарға қатысып, бір­не­ше рет облыста чемпион атанса, бір рет халықаралық жарысқа қатысып, жүл­демен оралды. Осы жылы жастар қатарында жарысқа қатысып, бағы жан­ды, – дейді Мамлют аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Индира Наурыз­баева.

Ал петропавлдық Аружан Талғатбек жеңіске бір табан жетпей сүрінді. 10 жа­сынан күреспен айналысатын бұрым­ды қыз күміс жүлде еншіледі.

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp