Наурыздың 15-і, яғни ертең сағат 11-де облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметовтың қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік сараптамалық кеңестің отырысы өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Оған сараптамалық кеңестің мүшелері Петропавл қаласы мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары және ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысады деп жоспарланып отыр.