«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НАУРЫЗДЫҢ 14-І ҚАЗАҚСТАНДА — КӨРІСУ КҮНІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұл күні халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туған-туыс, көрші-қолаңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс түйістіреді. Өткен жылдың ренішін жаңа жылға алып кірмеу үшін адамдар бір-бірінен кешірім сұрайды. Арадағы реніштерін ұмытып, татуласады, бір-біріне амандық тілейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Көрісу күніне әр отбасы дайындалып, молынан дастархан жаяды. Жас ұрпақ аға буын өкілдеріне амандық-саулық тілеп, үй-үйді аралайды.

Ал алыста жүріп, ағайын-туысымен көрісе алмағандар жақындарына барған бетте барлығымен «Жылың құтты болсын!» деп амандасады. Көрісуге келген жастарға бауырсақ, тәтті тағам ұсынылады. Мұның да өзіндік мәні бар. Яғни, «Жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз мол болсын, арадағы қарым-қатынасымызға ешқашан сызат түспесін», — деген ниетпен жасалатын амалдар.

Бұл мерекеде жұртшылық бір-біріне «Бір жасыңмен!» деп айтады. Бұл «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман — есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Амал мейрамы күні бүкіл жұрт шат — шадыман, көтеріңкі көңіл күйде болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp