«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өріс кеңейіп келеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Алисарай” ЖШС-ы – ірі қара мал өсіруге маманданған шаруа қожалығы. Жамбыл ауданында 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Шаруашылықта еңбек ететін 25 жұмыскердің орташа жалақысы 175 мың теңгеге жуық. Бүгінде қарамағымызда 14327 гектар ауыл шаруашылығы алқабы бар, соның көбі – жайылымдық жер. Бүгінде компания ірі қара малдың сүтті және аралас тұқымдарын өсіреді.

“Алисарай” серіктестігі жұмысын алғаш бастаған кезде, яғни 2015 жылы 300 бас ірі қара болса, 2018 жылы сиыр санын 790-ға жеткіздік. 2021 жылы компания тағы да 200 бас асыл тұқымды қашар сатып алды. Симменталь және қазақтың ақбас тұқымды малдары әкелінді. Мемлекеттік “Сыбаға” бағдарламасы бойынша қаржылай қолдау көрсетілгенін айта кеткен жөн. Алты адам тұрақты жұмысқа орналасты. Марал Айтжанов, Азамат Таныбаев, Байдалы Байтишкин, Нарын Осипов, Алтынбек Сыздықов, Николай Устенко, Айдархан Бекенов секілді тәжірибесі мол жұмысшыларға сенім артамыз.

2021 жылы тауарлы-сүт фермасын салу жобасы қолдау тапты. Оның жалпы құны – 1,8 млрд. теңге. Жобалық-сметалық құжаттама жасалып, құрылысқа жер телімі бөлінді, Түркиядан жабдықтарды жеткізуге шарт жасалды. Биыл мамыр айында Германиядан мал әкелу жоспарланып отыр. Құрылысты аяқтау және пайдалануға беру осы жылдың аяғына жоспарланған. Ферма пайдалануға берілсе, сүт өнімінің көлемі жылына 3100 тоннаға дейін ұлғайтылады. 25 жаңа жұмыс орны ашылады.

Былтыр “Есіл 760” комбайнын, “Дон Мар” дестелегішін, “Морис” егіс кешенін сатып алдық. Агротехникалық іс-шараларды сақтаудың, ауыспалы егіс жүйесін талапқа сай қолданудың арқасында дәнді дақылдардың шығымдылығы 17 центнерден айналды.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын, жақсартуға, өмір сапасын нығайтуға тікелей әсер етеді. Жеке қосалқы шаруашылықтар жемшөппен қамтамасыз етіледі. Әр тоннасын 10 мың теңгеден бердік. 6 млн. 790 мың теңгеге түрлі қаржылық көмек көрсетілді. Қазір қызметкерлер үшін бір тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Қысқы кезеңде округтің елді мекендерінде кентішілік жолдар қардан тазаланады.

Зейнеткерлер, мүгедектер, тыл еңбеккерлері серіктестік қамқорлығына алынған. Ауылда жастар бос уақыттарын қызықты өткізетін клуб үйі жоқ. Кітапхана мен медициналық пункт орналасқан ғимараттар жөндеуді қажет етеді. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін иесіз тұрған сауда орталығын қалпына келтірмек ойымыз бар. Бұл жұмыстарды биыл атқарамыз.

Арман ҚАСЫМҒОЖИН,

“Алисарай” ЖШС-ның директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp