“Amanat” партиясының “Болашақ” филиалының мүшелері республикалық саяси ұйымның кезектен тыс ХХІІ съезінде партия Төрағасы қойған басым міндеттерді талқылады.
Филиалдың атқарушы хатшысы Александр Зель форумда саяси институтты жаңғыртудың жеті негізгі басым бағыты айқындалып, халықпен кері байланыс тетіктерінің тиімділігін арттыру, партия қатарын нығайту, стратегиялық тәсілдерді жетілдіру жолдары нақтыланғанын жеткізді.
“Партия өз атауын, символикасы мен логотипін өзгертіп, уақыт талабына сай жаңа мазмұнға ие болды. Толыққанды жаңғыртуға бәріміз мүдделіміз. Осыған орай әртүрлі деңгейдегі депутаттық корпуспен, қоғамдық кеңестермен, жастар қанатымен бірлесе жұмыс істей отырып, жаңа жобаларды іске асыратын боламыз”, – деді Александр Викторович.
Талқылау барысында партияның негізі болып табылатын бастауыш партия ұйымдарының жұмысын ширатуға баса көңіл бөлінді. “Болашақ” филиалы саяси кеңесінің мүшесі Алтын Шаяхметова, облыстық мәслихаттың депутаты Біржан Құдайбергенов партия мүшелерін ынталандыруға байланысты өз ойларын ортаға салды. “Тұрғындарды қабылдауда жергілікті проблемаларға назар аударған жөн. Азаматтық қоғам мен билік арасын жақындатудың мүмкіндіктері көп. Жұртшылық мәселелердің нақты әрі жедел шешілуін қалайды”, – десті олар.
Ілияс СӘБДИНОВ,
“Amanat” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.