«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОРАНДЫ ТҮНІ ЖОҒАЛҒАН СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ер адам наурыздың 5-нен 6-сына қараған түні Есіл ауданындағы Покровка ауылының маңында жоғалып кеткен болатын. Мамандар оны 9 күн іздеп, денесін тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қанғожиновтың айтуынша, ер адам ойын-сауық кешінен шығып, сағат түнгі 3-те Покровкадағы досына барған. Даладағы ақтүтек боранға қарамай, жарты сағаттан кейін өз ауылына кеткен. Александровкаға дейінгі қашықтық шамамен 25 километр.

Солтүстікқазақстандықты құтқарушылар, полицейлер мен жергілікті атқарушы орган өкілдері бірге іздеді. Наурыздың 14-і күні кешке ер адамның денесі табылды.

Шопан мүрдені Петровка ауылынан шамамен 13 шақырым жерде ағаштың арасынан тауып алған.

Ер адам адасып, басқа бағытқа кетіп қалғанға ұқсайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp