«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жақсы өмірге лайық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілде­рімен кездескенде еліміздегі қазіргі қалыптасқан ахуалға тоқталып, халық игілігі үшін билік пен бизнестің өзара ықпалдастығын арттыру қа­жет­­тігін айтқан болатын. “Бүгінде біз­дің алдымызда бүкіл қоғамдық ты­ныс-тіршілікті түбегейлі трансфор­ма­циялау міндеті тұр. Мұның стра­тегиялық мәні бар”, – дей келіп, қағаз жүзіндегі әлеуметтік-экономикалық мәселе мен оның қазіргі шынайы жағдайының арасындағы алшақтық сын көтермейтінін, сондықтан шұғыл түрде экономикалық саясатты қайта қарау жұмысына бірлесіп кірісу ке­ректігін атап көрсеткен болатын.

Президент таза, ашық және әділ іс-әрекеттердің жаңа тәртібін анық­тап, жаңа Қазақстанның негізі болуға тиісті экономикалық саясатты қа­лып­тастыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге, кәсіпкерлерді патриотизм мен әлеу­меттік жауапкершіліктің үлгісін көр­сетуге, капитал, тәжірибе, басқару­шы­лар тобы мен нарықты дәл па­йым­дау сияқты ресурстарды эконо­миканы қайта құруға жұмсауға ша­қырды. Мұның ішінде инвестиция салу, сапалы жұмыс орындарын ашу, экспорттық әлеуетті арттыру сияқты өзекті мәселелер қамтылған. Аса маңызды міндеттерді шешуде ауылдық жерлерде жұмыс істейтін шаруашылықтарға үлкен міндеттер жүктеледі. Өйткені қазіргідей күрделі жағдай кезеңінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтаудың, халықтың өмір сапасын жақсартудың мәні айрықша. Бұл орайда, біздің күнделікті ісімізге мемлекет тара­пы­нан қабылданған реформалар тың сер­пін берері анық. Оны тиімді пай­далана білсек, адамдардың лайықты өмір сүруіне қалыпты жағдай жасауға барлық мүмкіндіктер тудырылып, ең бастысы, ішкі әле­уетімізді толық қуатында пайда­ланар едік.

Диқандар да ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті эконо­мика құру мүмкін еместігін жақсы түсінеді. Бұл ретте сапалы әрі мол өнім өндіру туралы сөз қозғаудың өзі артық. Біздің шаруашылық 1997 жы­лы құрылған. Өз қызметін Амангелді ауылдық округі аумағында жүзеге асырып келеді. Үлескерлеріміздің саны үш жүз адамнан асады. Бертін­ге дейін тек бидай өсірумен айна­лысып келсек, қазір астық өндірісін әртараптандыруға үлкен көңіл бөлі­ніп, майлы және көкөніс дақылдары­ның алқаптары ұлғайтылды. Қазіргі заманғы еуропалық технологиялар­ды қолданып, 10 гектар жерге сәбіз еге­міз. Оның көлемін 30 гектарға дейін көбейту жоспарланған. Майлы дақылдар көлемі 2900 гектарды құ­райды. Бұдан бөлек, 30 ара омарта­сы бар, оның саны 50-ге дейін жеткізі­леді. Қорадағы 130 бас қойдың аздық етері анық. Отарды тағы 100 бас еділбай қойымен толықтырмақпыз. Біз жаңа жұмыс орындарын құруға, еңбекақыны арттыруға әркез мүдде­ліміз. Сонда ғана шағын елді мекен­дерді дамытуға қатысты көптеген мәселелер шешімін табады. Сәбізді жинау науқаны кезінде жергілікті 20 тұрғын еңбек етсе, қосымша күш ретінде тағы 21 адам тартылды. Омарта жүйесі кеңейтілсе, 10 адам жұ­мысқа қабылданады. Жұмысшы­лардың орташа айлық жалақысы 170 мың теңгеге жуық. Соңғы кездері жыл қорытындысы бойынша “он үшінші” еңбекақы төлеу дәстүрі енгізілді. Биыл орташа айлық жалақы 50 па­йызға көбейтіледі, яғни 255 мың тең­геге дейін жетпек. Осындай ынта­ландыру шараларының басқадай түр­лері де енгізілетін болады.

Халықтың, әсіресе әлеуметтік тұр­ғыдан әлсіз топтарына жүйелі түрде көмектесу – басты назары­мызда. Се­ріктестік астық қалдықта­ры мен жем­шөпті, сабанды қолже­тімді бағамен сатады және де ауыл тұрғындары толық көлемде қамтама­сыз етілген. Мұның өзі әр үйге 10 бас ірі қара мал ұстауға мүмкіндік береді. Ауыл әкім­дігімен жасалған меморан­думға сәй­кес тұрғындар малдарын еркін жаю үшін жайылымдар бе­рілген.

Экономикамыздың бір тірегі ауыл шаруашылығы екенін айттық. Мем­ле­кет тарапынан бұл салаға айтар­лықтай қолдау көрсетілуде. Зама­науи техникалар сатып алуға нақты жеңілдіктер беріледі. Шаруашылық құрылғанда бар-жоғы 780 гектар егістік жеріміз және жалғыз ЮМЗ тракторы ғана болды. Бүгінгі таңда машина-трактор паркі түгелдей жа­ңарып, “CLAAS”, “Ростсельмаш”, “John Deer” және басқа брендтік техникаларының саны 20 бірлікке дейін көбейтілді. Ауданда алғашқы­лардың қатарында сағатына 27 тон­на астықты кептіре алатын қондырғы орнатылды. Ол газбен істейтіндіктен, жұмсалатын шығын көлемі аз.

Мол өнім алудың бір негізі – агро­техникалық талаптарды қатаң сақ­тау. Минералды тыңайтқыштардың субсидиялануы да – үлкен жәрдем. Осы факторларды тиімді қолдану­дың нәтижесінде бір гектардың шы­ғымдылығын 20 центрден айнал­ды­рып жүрміз. Өткен жылдың қо­ры­тын­дысы бойынша қатысушылар­ға әр пай үлесі үшін 55 мың теңгеден тө­лен­ді. Тұрмысы төмен отбасылар мен қарт адамдарға 250 мың теңге мөл­шерінде материалдық көмек берілді.

Оқушыларды Поляковкадан Аман­гел­ді мектебіне тұрақты түрде тасымалдау, жергілікті су көзінің ір­гелес аумағын абаттандыру, По­ля­ковка және Амангелді ауылдары ара­сындағы, ауылішілік жолдарды таза­лау, күтіп ұстау серіктестік қара­жаты есебінен атқарылады. Ұлы Отан со­ғысы жауынгерлерінің құр­ме­тіне ор­натылған ескерткішке 8 млн. 390 мың теңгеге жөндеу жүргі­зілді. Қат­ты тұр­мыстық қалдықтарды жи­нау­ға қара­жат бөлінген. Бос тұрған же­кеменшік Мәдениет үйін сатып алып, оны ойын-сауық орталығына ай­налдыр­мақпыз. Интернет сапасын арттыру мақсатымен мұнара қойыл­мақ. По­ляковкаға тартылатын су құ­быры же­лісіне 7 млн. теңге бөлу қа­расты­рыл­ған. Саябақ ашуға атсалы­самыз. Ағаш көшеттерін отырғызу­мен жүйе­лі түрде айналысамыз. 10 жаңа жұ­мыс орны құрылады. Ауыл тұрғын­дары жақсы өмір сүруге әбден лайық.

Алексей ЧЕРНЕЦКИЙ,

“Поляковское” ЖШС-ы директорының орынбасары.

Есіл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp