«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕТІ ӨЛШЕП, БІР КЕСКЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еңбегі көп елене бермесе де, өндірістегі ең қат мамандықтың бірі – слесарь. Бұл кәсіпті меңгеру де оңай емес. Темір жол жабдықтарын, вагон платформаларын шығаратын “ЗИКСТО” зауытында жұмыс істейтін екінші санатты жинақтаушы-слесарь Руслан Хамитов бұл мамандықты таңдағанына ешқашан өкінген емес.

Руслан Хамитов Петропавл қаласында дүниеге келген. Мектепті аяқтаған соң гуманитарлық-техникалық колледжге түсіп, телекоммуникациялық жабдықтар мен тұрмыстық техниканы жөндеу және қызмет көрсету мамандығын игеріп шыққан. Кейін осы “Зиксто” зауытына жұмысқа қабылданып, содан бері аталмыш кәсіпорында еңбек етіп келеді.

Бұл зауытта 350 адам тұрақты жұмыспен қамтылғанын айта кеткен жөн. Әрқайсысы өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқарады. Ескі вагон платформаларын жөндеп, жаңаларын жасайды. Әрине, бұл оңай іс емес. Әрбір бөлшегін жеті рет өлшеп барып кесуге тура келеді. Руслан Мерекеұлы әзірге өлшем жағынан қателесіп көрмепті, ұқыптылығының арқасында екінші санатты слесарь атанып отыр. “Бұл кәсіпорын мен үшін ыстық. Осында Владимир Тобежаев, Юрий Слабодин секілді аға буын өкілдері слесарлық мамандыққа баулыды. Сол ұстаздарымның жолын жалғастырып, еліміз үшін маңызды вагон өндірісіне өз үлесімді қоспақшымын”, – дейді білікті маман. Руслан Мерекеұлы жас та болса көпшілікке өнеге көрсетіп жүр.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp