«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕТРОПАВЛДА АЯЛДАМАЛАР ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Отырыста Петропавл қаласы әкімі орынбасарлары өздері аулаларды абаттандыруға дайындық, жоспарланған аумақтардан гараждарды сүріп, қоқыс контейнерлеріне арналған алаңдар әзірлеу, жер учаскелерін қайтару бойынша атқарылған жұмыстар жайлы баяндады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, талдау нәтижелерінен кейін көп қабатты тұрғын үйлер салу үшін аукцион арқылы өткізілген бос жер учаскелері анықталды. Бұдан басқа, жер учаскелерін ұзақ мерзім бойы пайдаланбау немесе мақсатты пайдаланбау бойынша 369 материал анықталып, инспекцияға жолданды.

2019-2021 жылдары сот тәртібімен 83 учаске тәркіленіп, 896 учаске есепке алынды. Сонымен қатар, бау-бақша серіктестіктерінде пайдаланылмайтын жерлерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қала әкімі Болат Жұмабеков аялдамаларда жолаушыларға жағдай жасау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Автобус күтетін адамдарға арналған жылы гүл павильонымен біріктірілген аялдама павильонының бірыңғай эскизі әзірленіп, бекітілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp