«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕРІСКЕЙДЕ АВТОЖОЛДАР ТАЛАПҚА САЙ ТАЗАЛАНБАҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наурыз айында мамандар республикалық маңызы бар автожолдарда 17 тексеріс жүргізіп, бірнеше кемшілікті анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жол активтері ұлттық сапа орталығы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының маманы Қайырбай Сәдуақасовтың айтуынша, «Р-58 «Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Киров-Қиялы-Рощинское» (3-70 км), Р-59 «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» (0-80 км), Р-60 «Волошинка-Сергеевка-Тимирязев» (0-100 км) автожолдарына қатысты ескертулер жасалды.

– Аталған учаскелердің кейбір жерлерінде қар уақытылы тазаланбаған. Әрі қауіпті аймақтарға құм-тұз қоспасы себілмепті. Бұлардың барлығы жол қозғалысына айтарлықтай кері әсерін тигізетіні сөзсіз, – дейді орталық маманы.

Тексеріс қорытындысы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен «Қазақавтожол» ЖШС-ның облыстық филиалының атына 16 ұйғарым-хат жолданып, техника санын арттыру, қар күреу бойынша жұмысты күшейту, жол жиегіндегі қар үйінділерін уақытылы шығарып отыру ұсынылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp