«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛЫП ҚОЙҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ауыр жүк көлігінің 57 жастағы жүргізушісі Көкшетау қаласынан Қостанайға беттеп бара жатқан. Бірақ, Көкалажар ауылынан 1 шақырымдай жерде көлік тізгініне ие бола алмай жолдан шығып кеткен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кей жерлерде қалыңдығы 1 метрден асатын қарға батқан көлікке жету үшін трактормен жол ашқан. Полицейлер мен жергілікті шаруашылық жұмысшылары да күрекпен аршып, әзер жеткен. Батқан көлікті шығаруға 3 сағаттан артық уақыт кеткен.

-Солтүстік Қазақстан облысының құбылмалы ауа райында өте сақ болу қажет. Жылдамдық режімін сақтаңыздар. Синоптиктердің, ТЖ қызметінің ескертулеріне құлақ асқан жөн. Жолға шығарда ең қажет деген заттарды, байланыс құралдарын алып жүріңіздер, — дейді жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp