«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2021 жылғы 24 маусымда Кәсіп­кер­лік кодексіне өзгерістер мен то­лықтырулар енгізілді, соның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік, әлеуметтік кә­сіпкерлік санаттары, әлеуметтік кәсіп­керлік субъектілерінің тізілімі туралы жаңашылдықтар бар. 79-1-бапқа сәй­кес, азаматтар мен қоғамның әлеу­меттік проблемаларын шешуге ықпал ететін кәсіпкерлік субъектілерінің кә­сіпкерлік қызметі әлеуметтік кәсіпкер­лік болып табылады.

Әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі міндеттері:

– кәсіпкерлік субъектілерінің әлеу­мет­тік проблемаларды шешуге, оның ішінде кодекстің 79-3-бабында көз­делген әлеуметтік инновацияларды енгізу және әлеуметтік қызметтер көр­сетуге жәрдемдесу арқылы қатысуын қамтамасыз ету. Әлеуметтік иннова­циялар дегеніміз – қоғамдағы әлеу­меттік өзгерістер тудыратын әлеумет­тік маңызды мәселелерді шешуге ық­пал ететін жаңа идеялар, стратегия­лар, технологиялар;

– халықтың әлеуметтік осал топта­рын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу және олар үшін қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүм­кіндіктер жасау;

– әлеуметтік кәсіпкерлік субъекті­лері өндіретін, орындайтын жұмыс­тар­ды, көрсететін қызметтерді, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топ­тарының жеке еңбегімен қатысуы ар­қылы нарыққа жылжыту.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектіле­рі бір немесе бірнеше шарттарға сәй­кестігіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді:

бірінші санат – әлеуметтік кәсіп­кер­лік субъектісі алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша мына санаттардың кез келгеніне (мү­гедектер; мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және басқа да заң­ды өкілдер; зейнеткерлер және зей­неткерлік жас алдындағы азамат­тар (жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жас басталғанға дейін бес жыл ішінде); жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері жә­не балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері; қылмыс­тық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен босатылған адамдар – босатылғаннан кейін он екі ай ішін­де; белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар; аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жа­та­тын ата-аналар және басқа да заң­ды өкілдер, сондай-ақ “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградтал­ған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наград­тал­ған көпбалалы аналар; нарколо­гиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психи­каға белсенді әсер ететін заттарға бай­ланысты емдеуден өткен адам­дар – оңалту немесе емдеу жүргізіл­ген­нен кейін он екі ай ішінде; қандас­тар) жататын адамдардың орташа жылдық саны әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі жұмыскерлерінің арасын­да кемінде елу пайызды, ал осындай санаттардың кез келгеніне жататын адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың үлесі осы са­нат­тағы адамдардың орташа жылдық санының кемінде елу пайызын, ең­бек­ке ақы төлеу шығыстарында ке­мін­де жиырма бес пайызды құрайды;

екінші санат – әлеуметтік кәсіпкер­лік субъектісі бірінші санаттағы аза­маттардың өндіретін тауарларын, орындайтын жұмыстарын, көрсететін қызметтерін сатуға ықпал етеді. Бұл ретте алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша осындай қызметті жүзеге асырудан түскен кі­рістердің үлесі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі кірістерінің жалпы көлемі­нің кемінде елу пайызын, ал әлеумет­тік кәсіпкерлік субъектісі ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің үлесі көрсетілген кіріс мөлше­рінің кемінде елу пайызын (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс бол­ған жағдайда) құрайды;

үшінші санат – әлеуметтік кәсіпкер­лік субъектісі мүгедектерге арналған, олар үшін тыныс-тіршілігінің шектеу­ле­рін еңсеруге немесе орнын толты­руға мүмкіндік беретін жағдайлар жа­сау мақсатында, сондай-ақ бірінші са­натта көрсетілген өзге де адамдарға арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөнін­де­гі қызметті жүзеге асырады. Алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша осындай қызметті жүзеге асырудан түскен кірістердің үлесі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі кі­ріс­терінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын, ал әлеуметтік кәсіп­керлік субъектісі ағымдағы күнтізбе­лік жылда осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған алдыңғы күнтіз­белік жыл ішінде алған таза кірістің үлесі болған жағдайда, қызметтің мы­надай түрлеріне сәйкес көрсетілген табыс мөлшерінің кемінде елу па­йызын құрайды:

тұрмыстағы тіршілік әрекетін қол­дау­ға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету бойынша; азаматтардың денсаулық жағдайы­ның өзгеруін анықтау үшін жүйелі ба­қылау, сауықтыру іс-шараларын жүр­гізуге көмек көрсету, күтімді ұйымдас­тыру жолымен денсаулықты сақтауға және қолдауға бағытталған әлеумет­тік-медициналық қызметтер көрсету бойынша; әлеуметтік ортаға бейім­делу үшін психологиялық жағдайды түзетуге көмек көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету бойынша; мінез-құлықтағы ауытқулардың алдын алуға бағыттал­ған әлеуметтік-педагогикалық қыз­мет­тер­ді көрсету; жұмысқа орнала­су­ға және еңбекке бейімделуге бай­ла­нысты өзге де проблемаларды шешу­ге көмек көрсетуге бағытталған әлеу­меттік-еңбек қызметтерін көрсету бо­йынша; коммуникативтік әлеуетті арт­тыруды, оңалтуды және әлеумет­тік бе­йімдеуді көздейтін қызметтерді, әлеуметтік сүйемелдеу жөніндегі қыз­меттерді көрсету бойынша; цифрлық денсаулық сақтау саласындағы ме­ди­циналық техниканы, протездік-ор­топедиялық құралдарды, бағдарла­ма­лық қамтылымды, сондай-ақ ауру­лардың профилактикасы, мүгедек­тер­ді оңалту, оның ішінде мүгедек ба­лаларды медициналық оңалту үшін ғана пайдаланылуы мүмкін техника­лық құралдарды өндіру және (неме­се) өткізу бойынша қызметтер; мүге­дектер мен зейнеткерлердің демалы­сын және сауықтырылуын ұйымдас­тыру бойынша; қосымша білім беру­дің білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша; мүгедектер мен ха­лық­тың жүріп-тұруы шектеулі топта­ры үшін әлеуметтік, көліктік және рек­реациялық инфрақұрылым объекті­леріне қол жеткізуді қамтамасыз ету, көлік құралдарын пайдалану, ақпарат беру кезінде байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету бойынша жағ­дайлар жасау бойынша;

төртінші санат – әлеуметтік кәсіп­керлік субъектісі қызметін алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша осындай қызметті жүзеге асы­рудан түскен кірістердің үлесі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын, ал әлеуметтік кәсіпкер­лік субъектісі ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті жүзеге асы­руға бағытталған алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің үлесін құраған жағдайда жүзеге асырады, мы­надай (отбасын нығайтуға, бала­лардың отбасылық тәрбиесін қамта­масыз етуге және ана мен баланы қол­дауға бағытталған психологиялық-пе­дагогикалық және өзге де қызмет­тер көрсету бойынша; балалардың де­малысын және сауықтырылуын ұйым­дастыру бойынша; мектепке де­йінгі тәрбие мен оқытудың, бас­та­уыш, негізгі орта, жалпы орта білім бе­рудің жалпы білім беретін оқу бағдар­ламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша; мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-пе­дагогикалық қолдау, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағ­дарламаларын меңгеруде, дамуында және әлеуметтік бейімделуде қиын­дықтары бар білім алушылар мен тәр­биеленушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету бойынша; әлеуметтік бағдарланған коммер­ция­лық емес ұйымдардың жұмыскерлері мен еріктілерін (волонтерлерін) осын­дай ұйымдардың қызметтер көр­сету сапасын арттыруға бағытталған оқыту бойынша) қызмет түрлерінің қа­тарынан көрсетілген табыс мөлшері­нің кемінде елу пайызын құрайды;

мәдени-ағарту (оның ішінде жеке музейлердің, театрлардың, кітапха­на­лардың, мұрағаттардың, мектеп-студиялардың, шығармашылық ше­бер­ханалардың, ботаникалық және зоологиялық бақтардың, мәдениет үй­лерінің, халық шығармашылығы үй­ле­рінің қызметі); қоршаған ортаны қор­ғау жөніндегі; Кодекстің 79-3-бабында көрсетілген халықтың әлеу­мет­тік жағынан осал топтарына ге­риатриялық және геронтологиялық кө­мек көрсету, денсаулық және ұзақ өмір сүру орталықтарын ұйымдас­тыру, саламатты өмір салтын жүргізу жөніндегі іс-шаралар бойынша ұсы­ныстар енгізеді.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектіле­рінің санаттары туралы деректерді пайдалану үшін Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік кәсіпкерлік субъекті­лері­нің тізілімін жүргізеді.

Министрлік әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін алдыңғы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанын­дағы жағдай бойынша бекітеді. Об­лыс­тардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жер­гілікті атқарушы органдары арнайы комиссияның қарау қорытындылары бойынша ұсынған мәліметтерді еске­ре отырып, көрсетілген мәліметтерді жыл сайын алдыңғы күнтізбелік жыл­дың 31 желтоқсанындағы жағдай бо­йынша кәсіпкерлік жөніндегі уә­кілетті орган кодекстің 79-3-бабында көздел­ген шарттарға сәйкестен­ді­реді.

Тізілімді қалыптастыруды кәсіп­кер­лік жөніндегі уәкілетті орган ар­найы комиссияның қарау қорытын­ды­лары бойынша облыстардың, рес­пуб­ликалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған мәліметтер негі­зінде жүзеге асырады.

Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №733 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағи­даларына сәйкес жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік субъектілерінің өз қызме­тіне әлеуметтік жауапкершілікті енгі­зуіне мемлекет кепілдік береді және оны көтермелейді.

Әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекет­тік қолдау түрлері:

– әлеуметтік кәсіпкерлік субъекті­ле­рін қолдау инфрақұрылымының болуын қамтамасыз ету;

– “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының ко­дексіне (Салық кодексі) сәйкес са­лықтық жеңілдіктер беру;

– әлеуметтік кәсіпкерлік субъекті­ле­рі­не қаржылық қолдау көрсету (оның ішінде екінші деңгейдегі банк­тер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидия­лауды ұсыну және мүлікті жалдау ақысын төлеуге);

– “Мемлекеттік мүлік туралы” Қа­зақстан Республикасының Заңына сәй­кес мемлекеттік мүлікті сатып алу құқығынсыз жеңілдікті шарттармен жалдауға беру;

– әлеуметтік кәсіпкерлік субъекті­леріне ақпараттық қолдау көрсету;

– әлеуметтік кәсіпкерлік субъекті­леріне консультациялық және әдісте­мелік қолдау көрсету, акселерация­лық бағдарламалар арқылы дамыту (оның ішінде қаражат тарту, тауар­лар­ды, жұмыстарды, көрсетілетін қыз­меттерді сатып алуға қатысу мәсе­лелері бойынша) жүзеге асырылады.

Акселерациялық бағдарламалар деп оқыту және сараптамалық қолдау арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік субъек­ті­лерін қарқынды дамыту және іл­герілету бағдарламалары түсіні­леді;

– іскер әріптестер іздестіруде өңір­аралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу (оның ішінде іскерлік іс-шаралар өткізу, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің көрсетіл­ген іс-шараларға қатысуын қамта­ма­сыз ету);

– кәсіптік және қосымша білім беру;

– экономика салаларында әлеу­мет­тік маңызы бар жобаларды ұйым­дастыру және іске асыру үшін мемле­кеттік гранттар беру.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъекті­ле­рі­нің тізіліміне енгізу үшін құжаттарды беруге ниет білдірген жеке кәсіпкер­лер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіп­кер­лік субъектілерін қоспағанда) “Сол­түстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы” КММ-ға жүгіне алады.

Нұржан САДЫҚОВ,

облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp