«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕТРОПАВЛ ӘУЕЖАЙЫ САТЫЛАТЫН БОЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наурыздың 31-інде Петропавл әуежайы аукционға қойылады. Мекемені сатып алатын компания қызмет түрін сақтап қалуға міндетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әуежайдың мүлкі 5,6 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Ғимарат 31 наурыз күні саудалана бастайды. Бұл ретте сауда-саттықтың жалғыз қатысушы болса да сатуға жол беріледі.

— Тексеріс нәтижесі бойынша өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында Нұр-Сұлтанға аптасына 10 рет, Түркістанға екі және Алматыға үш рейс жүзеге асырылған кезде әуежайдың жүктемесі жоғары болғаны анықталды. Бірақ, сонда да түскен пайда тіпті жалақы төлеуге де жетпеді. Субсидияланған рейстер әуежайға шығынсыз жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Мемлекеттік орган әуежайдың жалақы, коммуналдық қызметтер, қызметкерлерді сертификаттау және оқыту сияқты ағымдағы шығындарын қаржыландыра алмайды, — деп түсіндірді басқарма басшысы Мақсат Баяхмет.

Айта кету керек, тендер шарттарына сәйкес сенімгерлік басқару мерзімі үш жылды құрайды. Инвестор сенімгерлік басқару шарты жасалған күннен бастап 10 жыл бойы әуежай қызметінің бейінін сақтауы тиіс.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp