«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР 10 КҮН ІШІНДЕ 8 МАЛ ҰРЛЫҒЫН АШТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары 10 күннің ішінде мал ұрлығына қатысты 8 қылмысты әшкереледі. Заң бұзушылықтардың ішінде алдыңғы жылдары жасалған фактілер де бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аталған қылмыстар «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды. Мамандар шара барысында 909 автокөлік пен 954 шаруа қожалығын, ферма мен мал жаятын орындарды, сондай-ақ 269 сауда орынын тексеріп шықты.

Сонымен қатар, полицейлер ветеринарлық қызметпен бірлесе, ілеспе құжаттардың бар-жоғын, өнімнің заңдылығын да бақылады. Нәтижесінде, ветеринария саласында 61 бұзушылық анықталды.

– Операция кезінде 8 мал ұрлығы, оның ішінде өткен жылы жасалған қылмыстар бойынша күдіктілер анықталды. Сонымен қатар, Қызылжар ауданындағы шаруашылықтардың бірінде ұрланған қой және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда қолды болған 3 жылқы ұрлығы ізі суымай ашылды, — деді СҚО Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp