«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ЖАРЫСҚАЗАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Бесіксіз үйде береке жоқ” деген қа­зақ үшін бала – өмірдің қызығы, жал­ғасы, тіршілігінің діңгегі. Жүректері қа­тар соғып, шаңырақ құрғаннан бастап екі жастың да, ата-ананың да басты ар­маны ұрпақ сүю болатыны анық. Ке­лінінің бала көтергенін сезген ененің кеудесін қуаныш кернеп, көрші-қолаң, ауыл-аймақ, ет жақындарын жиып, құрсақ тойын жасаған. Құрсақ тойына келген әр әйел шашуын ала келіп, келінге ақ тілектерін жаудырған. Жиылған әйелдер жас келінге түрлі кеңестер беріп, жүктілікті жақсы өткізуге, босануға, ана атануға дайындаған.

Араға уақыт сала келіннің ай-күні толып, толғағы басталғанда, енесі Жа­ратқаннан жәрдем тілеп, ауыл-аймақтағы әйелдерді шақырған. Осы кезде жарысқазан дәстүрі жасалады.

Яғни, қазанға ет салып, жиюлы жүк­ті шешіп, көрпе-төсектің бәрін жазып, осы тәрізді ырымдар жасаған. Бұл – келіннің тезірек босануын тілеумен байланысты ғұрып. Жарысқазан ғұрпы әр жерде әрқалай өткізіледі. Кейбір жерлерде қазанға ет салып, көрші-көлемді шақырып, ет піскенше, бала ертерек туылсын деген ырыммен көрпе-төсек, тағы басқаны ақтарып, жазады.

Ертеректе аяғы ауыр келіншектің ете­гін бүріп қоятын болған. Бұл – бала ертерек, мерзімінен бұрын туып қал­масын деген ырым. Туылған кезде бүрілген етектің де жібін алады. Ғұрыптың мағынасы осы. Жарысқазанда атал­ған ғұрыптардың барлығы жасалады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp