«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР БҰҒАТТАЛА МА?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров азаматтарды толғандырған көптеген сұраққа, соның ішінде әлеуметтік желілер бұғатталады деген сыбысқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ведомство басшысы Қазақстанда балаларды қорғау туралы заңмен бүркеніп, әлеуметтік желілерге тыйым салынбайтынын айтты.

– Заң балаларды кибербуллингтен қорғауға ғана бағытталған. Егер қандай да бір әлеуметтік желіде баланың санасын улайтын жағдай орын алса, онда министрлік заңсыз контентті жою үшін әкімшілермен байланысады, – деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, 10 наурызда Мәжілісте балаларды қорқытып-үркіту деректері анықталатын болса әлеуметтік желілерді бұғаттауға міндеттейтін заң жобасы мақұлданды. Осыған байланысты желі пайдаланушыларының біразы заңды желеу етіп интернетті шектеуі мүмкін деп қауіптенетінін айтқан болатын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp