21 наурызда полицейлер Петропавл 2-ЖЭО директоры мен серіктестіктің бас инженерін ұстап, тергеу изоляторына қамады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық прокуратураның хабарлауынша, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 254-бабы бойынша айып тағылып, тергеу жүргізілуде.
— Сотқа дейінгі тергеу аясында барлық мән-жайлар анықталып жатыр. Тергеу барысын облыс прокуроры мен СҚО полиция департаментінің бастығы бақылауға алды. Сонымен қатар, облыстық прокуратура бақылаушы органдардың қызметіне талдау жүргізуде, оның нәтижелері бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың іс — әрекеттеріне баға берілетін болады, — деп хабарлады облыстық прокуратура өкілдері.