«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЙІНДІ АСТЫНДА ҚАЛҒАН ЖҰМЫСШЫНЫҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері Петропавл 2-ЖЭО  мұржасы құлаған жердегі іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесін баяндады,   деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының  мәліметінше, іздестіру жұмыстары бірден басталған.  Кейін оларға Нұр-Сұлтаннан келген құтқарушылар қосылды. Сондай-ақ іздеуге кинологиялық қызмет те тартылды.

— Жұмыстар күрделі жағдайда жүргізілді,    деформацияланған темірбетон плиталары үйіндіні аршуға көп бөгет келтірді. Ауыр инженерлік техниканы пайдалану мүмкіндігі болған жоқ,   құтқарушылар көбіне қолмен қазды,  — деді құтқарушылар.

Бүгін сағат 10: 32-де үйінділер астынан әйелдің жансыз денесі табылды.

Мамандардың айтуынша,    марқұмның туыстарымен психологтар  жұмыс істеуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp