«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР ҚАНАТЫН ЖАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында «Еңбек» бағдарламасы аясында көшіп келген шебер ағаштан ұлттық музыкалық аспаптар мен тұрмыстық заттар жасайтын цех ашты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ризабек Төлеубек 2018 жылы Алматы облысынан Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаевқа көшіп келген. Бұған дейін талант иесінің отбасы Қытайда тұрыпты. Қазіргі күні Қызылжар өлкесінің мақтанышына айналған қайыңнан ұлттық аспаптар жасайды.

– Қайыңнан жасалған домбыра жақсы шығады. Шешен, дыбысы қалыпты, орнықты естіледі. Бұрын өзім алма, өрік, қызылтал деген ағаштардан жасайтынмын. Бұл домбыраны Қытайда тұрған кезімізде жасадым. Ол кездері өзіміздің тарихи отанымызға көшуді армандаушы едік, — дейді СҚО тұрғыны.

Шебердің өзі өнерден алыс емес, күйшілік өнері де бар. Енді өз білгенін балаларға үйретуді мақсат етіп отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp