«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ШАХОВСКОЕ АУЫЛЫНЫҢ КІРЕБЕРІС ЖОЛЫН ЖӨНДЕУГЕ 900 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қызылжар ауданына қарасты Шаховское ауылының тұрғындарымен кездесті. Елді мекен азаматтары өңір жетекшісіне абаттандыру, жолдарды жөндеу, жарықтандыру, сондай-ақ денсаулық сақтау саласына қатысты сұрақтарын қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жоғарыда аталған мәселелер Шаховское ауылының тұрғындарын бұрыннан бері мазалап келеді. Алайда, айта-айта жауыр болған кейбір проблемалардың шешілетін күні де алыс емес. Қызылжар ауданы әкімінің айтуынша, ауылға апаратын жолды жөндеу жұмыстары жақын арада қолға алынады. Конкурс өткен, мердігер компания іске кірісуге дайын. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 900 миллион теңге бөлінгенін атап өтті. Қаражат түскеннен кейін жол да жаңартылады.

Бұдан бөлек, ауыл тұрғындарын дәріхананың жоқтығы, көшелерді жарықтандыру мәселесі мен көлік қатынасына қатысты проблемалар алаңдатады.

Өңір жетекшісі тиісті мамандарға бұл мәселені шұғыл түрде шешуді тапсырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp