«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.03.2022

ЖЕТІ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАНЫ ҮШІН СЫЙАҚЫ АЛДЫ

Өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті заң бұзушылық фактілері туралы хабарлағаны үшін 7 адамды марапаттады. Оларға 1,4 миллион теңге көлемінде сыйақы берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«САРЫАРҚА БАТЫРЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІНДЕ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАТЫРХАН ҚАЙЫРБЕК ТОП ЖАРДЫ

Наурыздың 27-29 аралығында Қарағанды қаласында қазақ күресінен ересектер арасында «Сарыарқа батырлары» атты республикалық турнир өтті. Дәстүрлі додада солтүстікқазақстандық Батырхан Қайырбек қарсыластарының бәрін тізек бүктіріп, үздік атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА 621 АДАМ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ БОЙЫНША ЖӘРДЕМАҚЫ АЛАДЫ

Қазіргі таңда Қазақстанда 25,2 мың жұмыссыз адам жәрдемақы алады. Оның 18,5 мыңына төлем биыл алғаш рет тағайындалды. Ал облыста мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 621 адам жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ЖАЛҒЫЗ АҒАШТЫҢ “КӨЗ ЖАСЫ”

Ауылдың батыс жағындағы төбе­шікте жалғыз өскен алып қара ағашты ес біліп, етек жапқаннан бері білеміз. Қай ғасырдан бері бар екенін ешкім дөп басып айта алмайды. Өйткені менің атамның балалық шағында да осы ағаш бар деседі. Тамырын тереңге жіберген қара ағаш қандай дауыл тұрса да былқ етпей­тін. Сол себепті де оның ұшар басына дейін жыпырлата құс …

ЖАЛҒЫЗ АҒАШТЫҢ “КӨЗ ЖАСЫ” Read More »

Монша ашамын деп басы бәлеге қалды

Ғани Жүсіпбеков отбасымен “Еңбек” бағдарламасы бойынша 2016 жы­лы оңтүстіктен Мамлют ауданына қоныс аударған. Алғашында Бек­сейіт ауылына тұрақтап, “Мәмбетов және К” коммандиттік серік­тес­тігінде жұмыс істейді. Төрт жылдан кейін аудан орталығына көшіп ба­рып, үйінің жанынан монша ашып, нәпақасын айырып отыр. Айтуынша, Бексейіт ауылында да осындай кәсіппен айналыспақшы болыпты.

ҮЛГІЛІ СЕРІКТЕСТІК

Өңірімізде адал еңбегімен ауыл шаруашылығын өркендетіп, тұр­ғын­дарға тұрақты жұмыс беріп отырған іскер азаматтар жетерлік. Солардың бірі – Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округіндегі “Фирма М.А.К.” серіктестігінің бас­шысы Ғали Құсайынов.

Бір-бірімізге сенуден қалып барамыз

Дүкенге барып зат аларда алдымен оның қайдан, қашан шыққанын білгі­міз кеп “Қай жердің өнімі?” немесе “Қай­да өндірілген?“ деп сұрап жата­мыз. Кімнің өнімінің өтімді, қай жерде сапалы шығарылатынын қанық біле­тін сатушылар қулыққа басып: “Бұл бәленбай жердікі“, – дей салады. Қы­тайдың сапасыз дүниесі екенін ешкім ашық айтпайды. Сондықтан олардың сөзіне сенуден қалғанбыз.

ҚАР АЗ БОЛҒАНЫМЕН, ҚАУІП ЖОҒАРЫ

“Tıkelei bailanys” айдарының қонағы – облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы Рамиль Камалов тұрғындардың сауалдарына жауап беретінін газетіміздің өткен сандарында хабарлаған болатынбыз. “Soltüstık Qazaqstan” газетінің электронды поштасына және “WHATSAPP” желісіне көктемгі су тасқынының алдын алуға қатысты түскен сұрақтар мен оларға берілген жауаптарды оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

ПЕТРОПАВЛ ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНАН НЕ СЕБЕПТІ БУ ШЫҒЫП ЖАТҚАНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Петропавлдағы жылу электр орталығына қатысты тағы бір бейнежазба тарап кетті. Оған зер салсақ, нысанның төбесінен бұрқырап бу шығып жатқанын байқауға болады. Бұл жұртшылықтың көкейінде небір сұрақтар тудырғаны жасырын емес. Аталған мәселеге қатысты «Севказэнерго» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР «ЖЕР САҒАТЫ»ЖАҺАНДЫҚ АКЦИЯСЫН ҚОЛДАДЫ

Солтүстік Қазақстанның кәсіпорындары мен компаниялары планетаның ең ауқымды «Жер сағаты» экологиялық акциясын қолдап, электр қуаты мен электр құралдарын 60 минутқа сөндірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН СПАРТАКИАДАДА ҮЗДІК АТАНДЫ

10-13 наурыз аралығында Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының оқу-жаттығу орталығы базасында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы мен «Жас ұлан» республикалық мектептері тәрбиеленушілерінің I республикалық спартакиадасы өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ЕЛІН СҮЙГЕН ЕР ЕДІ

Өткен ғасырдың 80-ші жылдары­ның басында облысымызда орталы­ғы Ақсуат ауылы атанған Це­линный ауданы ашылған бо­ла­тын. Өңіріміздің әр жерінен келген 30 жас шамасындағы қазақ жі­гіттері ауданда жаңадан ашылған мекемелердің басшылық қыз­меттеріне та­ғайындалып еді. Бәріміз тетелес болғандықтан бір-бірімізбен тез тіл табысып, достасып кеттік. Олардың қата­рында елім, жерім үшін қызмет етемін деген үш бір­дей жалынды жас­тың ғұмырсапар­ларының ерте тамамдалуы …

ЕЛІН СҮЙГЕН ЕР ЕДІ Read More »

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨҢІР

Газетіміздің өткен нөмірінде өңірімізге жұмыс сапарымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің келгені жайлы жазған болатынбыз. Министр алдымен Петропавлдағы №2 жылу-электр орталығында, “Радуга” және “Солтүстік фанер комбинаты” серіктестіктерінде болып, кейін Сәбит Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада облыстың экологиялық мәселелеріне арналған шараға қатысты. Жиынды облыс әкімі Құмар Ақсақалов ашып, жүргізіп отырды.

АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК АСА МАҢЫЗДЫ

Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына аяқ басып отырған кезде жарияланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” Жолдауында еліміздің саяси-экономикалық жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасы ұсынылып, алдағы уақытта дәйектілікпен жүзеге асырылатын қоғамдағы реформалар жайлы айтылды. 

ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС

Облыс прокурорының өңір тұрғындарына арналған үндеуі   Соңғы уақытта облыс кәсіпорындарында еңбек даулары жиілеп кетті. Көбінесе олар стихиялық ереуілдерге жалғасуда.