«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ЖЕТІ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАНЫ ҮШІН СЫЙАҚЫ АЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті заң бұзушылық фактілері туралы хабарлағаны үшін 7 адамды марапаттады. Оларға 1,4 миллион теңге көлемінде сыйақы берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Қазақстанда азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесіне сәйкес сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адам пара немесе келтірілген залал сомасы не ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасына байланысты айыптау үкімі шығарылғаннан кейін пара сомасының 10 пайызын ала алады. Бірақ жоғары сыйақы 4 000 АЕК-тен аспауы тиіс, яғни 12 252 000 теңгеден көп болмауы керек, –деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мамандары.

Облыс тұрғындары жемқорлық фактілері туралы сыбалас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 call-орталығына қоңырау шалу арқылы немесе аумақтық департаментке барып хабарлай алады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp