«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

«САРЫАРҚА БАТЫРЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІНДЕ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАТЫРХАН ҚАЙЫРБЕК ТОП ЖАРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наурыздың 27-29 аралығында Қарағанды қаласында қазақ күресінен ересектер арасында «Сарыарқа батырлары» атты республикалық турнир өтті. Дәстүрлі додада солтүстікқазақстандық Батырхан Қайырбек қарсыластарының бәрін тізек бүктіріп, үздік атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қызылжар арландары» спорт клубының өкілі боз кілемде 74 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Батырхан барлық қарсыласының жауырынын жер иіскетіп, 150 мың теңгенің сертификатына ие болды. Сонымен қатар, жерлесімізге кубок пен медаль табысталды.

«Қызылжар арландары» спорт клубының бас бапкері Төлеген Жетпісбаев та құр қол қайтқан жоқ. Оған 100 мың теңгенің сертификаты берілді.

Республикалық турнирге 9 солтүстікқазақстандық қатысты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp