«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ҮЛГІЛІ СЕРІКТЕСТІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде адал еңбегімен ауыл шаруашылығын өркендетіп, тұр­ғын­дарға тұрақты жұмыс беріп отырған іскер азаматтар жетерлік. Солардың бірі – Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округіндегі “Фирма М.А.К.” серіктестігінің бас­шысы Ғали Құсайынов.

Еңбек жолын Тимирязев ауда­нына қарасты Дмитриевка орта мек­тебінде бастаған Ғали Мінай­дар­ұлы алғашқы әскери дайындық са­бағын жүргізді. Кейін қызметі жо­ға­рылап, алдымен Дмитриевка, кейін Троицк мектептеріне басшы­лық ет­ті. 1996 жылы жеке шаруашылық­пен айналысу туралы ой келеді. “Дина” шаруа қожалығын құрып, 127 гектар жерге егін егуге кіріседі. Жұмысы алға басқан соң 2004 жылы “Тотаман” фермерлік қожа­лығын, төрт жылдан кейін “Фирма М.А.К” жауапкершілігі шектеулі се­ріктестігін құрады.

Бүгінгі таңда жер көлемі 7 мың гект­арға жетті. Серіктестік бидай, арпа және майлы дақылдар өсі­румен қатар мал шаруашылығын да қолға алған. Әсіресе қой бағуға ден қойған. Тынымсыз еңбектің нә­тижесінде жылқыны – 15, қойды 300 бастан асырған. Серіктестік басшысы жұмысшылардың жағ­дайын да назардан тыс қалдырған емес. Ерінбей еңбек еткендерге сыйақы тағайындау, шипажайға жолдама беру жағы да қарас­ты­рылған.

“Үлкен шаруашылық үшін техниканың орны бөлек. Ол болмаса жұ­мыс ақсайтыны анық. Жылына 100 миллион теңгеге ауыл шаруашы­лығы техникасы сатып алынады. Ас­тық тазалау кешенін қалпына келтірдік. Қажетті жабдықтар жеткі­зілді. Бір “КамАЗ” жүк көлігі, екі “Ак­рос” және бір “МакДон” комбайнын алдық. Биыл дән сепкіш және тыр­маға тапсырыс беріп отырмыз. Ауыл шаруашылығын тиімді дамы­тудың басты түйіні – тынымсыз ең­бек пен жерге күтім жасау. Жерден тек ала беруді ғана мақсат тұтпай, оны қалпына келтіру жағын да ой­лау керек. Егістік алқапқа дер ке­зінде тыңайтқыштар сіңіру, күзгі жырту, көктемгі ылғал жабу және тырмалаудың маңызы зор. Жыл сайын 120 тонна минералды ты­ңайтқыш қолданамыз. Басты назар – сапалы өнім. Өйткені біз өсірген астық нан болып тұтынушының дастарқанына түседі, – дейді се­ріктестік басшысы. Шаруашылықта өткен жылы бидайдың орташа өнімділігі әр гектарынан 15-20 цент­нерден айналса, ал майлы дақылдың шығымы 10 центнердің айналасында болған.

Қазір шаруашылықта 18 адам тұ­рақты жұмыспен қамтылған, көк­темгі егіс және күзгі орақ нау­қанында тағы 5 адам уақытша жұ­мысқа тартылады. Ғали Мінай­дар­ұлы ұлдарын да еңбексүйгіштікке тәрбиелеуде. Үлкені шаруашы­лықта инженер болса, екіншісі – бас агроном. Оларға еңбекпен тап­қан нанның қашанда тәтті бола­тынын түсіндірумен келеді. Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде бірақ жетістікке жеткен серіктестік бас­шысы Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігінің және облыстық мәс­лихаттың Құрмет грамоталарымен марапатталғанын айта кеткен жөн.

Игілік РАХМЕТ.

Жамбыл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp