«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ӨҢІР ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 350-ДЕН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ ТІРКЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО полицейлері жыл басынан бері тұрмыстық салада 350-ден астам құқық бұзушылықты тіркеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері Петропавлда әйелдерге зорлық-зомбылық жасағандарға қатысты 6 қылмыс тіркелді. Қаңтар айынан бастап облыс полицейлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық фактілері бойынша 352 әкімшілік хаттама толтырды.

– Қазіргі қоғамда мәселені шешуге бағытталған көптеген құралдар бар. Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша учаскелік инспекторлар қорғау нұсқамаларын шығарады, соттар құқық бұзушылардың алдағы уақытта өзін ұстауына ерекше талаптар қоюы мүмкін. Бұл құжаттардың орындалуы бақыланады, тәртіп бұзғандар жауапкершілікке тартылады. . Мас күйінде ұсталғандарды әкімшілік материалды сотқа бергенге дейін уақытша оқшаулайды — бұл олардың сабасына түсуіне мүмкіндік береді, — дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp