Мәжіліс депутаты Мади Елубаев алимент төлемей жүргендерді қоғамдық жұмысқа тартуды ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139-бабы алимент төлеуден жалтарған азаматтарды жауапқа тартуды көздейді. Жалпы, берешегін өтемей жүргендердің кейбірі ғана жауап береді. Бұл мәселені шешу үшін заңнамалық базаға өзгертулер енгізу керек пе?,- деді Мади Елубаев.
Бұл ретте депутат жауапкершіліктен қашып жүргендерді қоғамдық жұмысқа тартуға болатынын айтады. Әділет министрі Қанат Мусинның сөзінше алимент төлемей жүргендердің ішінде жағдайы келмейтін азаматтар бар.